RU
Елбасы Путин мен Зеленскийге Қазақстанда көзбе-көз сөйлесуді ұсынды

Елбасы Путин мен Зеленскийге Қазақстанда көзбе-көз сөйлесуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мақсатында жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің "көзбе-көз" кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Назарбаевтың айтуынша, қазіргі Украина мен Ресей арасындағы жағдай мәз емес.Сондықтан, Елбасы екі жақын елді "табыстырғысы" келеді.

Ол бұл мәселені шешу үшін Путин мен Зеленскийге АҚШ-тың, Еуропалық одақтың және басқа жақтардың қатысуынсыз кездесу қажет деп есептейді. Ол үшін президенттер өз еріктерін білдірсе болғаны.

Назарбаев "тет-а-тет" кездесу өту үшін жеке жұмыс істеуде.

"Мен Зеленскиймен тет-а-тетке келістім. Бұл туралы Ресей президентіне де айттым, сол жақта көреміз. Егер бейтарап орын қажет болса, мен Қазақстанды ұсындым", -деді Елбасы.

Сондай-ақ, ол Путин бұл кездесуді қаламайды деген пікір қате екенін айтады. Елбасының сөзінше, "ол бейбітшілік орнағанын қалайды". Ал Ресейге украиналық аймақтар керек емес.

Одан бөлек, Назарбаев ресейлік-украиналық мәселеге Зеленский нүкте қоя алатынын түсіндірді. Қазір Украина президентін халық пен Рада қолдап отырғандықтан оған тек өз еркін білдіру ғана қалды. Өйткені, бүгінде процесс басталып, адамдарды тұтқыннан босату және бейбітшілікке жету үшін әскерді шығару жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
16
1
2
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel