Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас айырмашылықтары үлкен голливуд жұлдыздары кімдер

Опубликовано:

"Махаббат жасқа қарамайды" дегенімізбен қыз-келіншектердің күйеулерінен едәуір үлкен болғанын құп көрмейтіндер қатары көп. Сүйгенінің жасы өзінен үлкен болса да, ешкімнің сөзіне, пікіріне құлақ аспастан бақытты өмір сүріп жатқан жұлдыздар KAZ.NUR.KZ порталы ұсынады Social Media News сайтына сілтеме жасап.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Мұндай некелер біздің уақытқа дейін де болған, болашақта да бола бермек. Сонымен тізімде кімдер бар екен, қарап көріңіз.

Райан Гослинг және Ева Мендес

Бұл жұптың жас ерекшелігі - 6 жас. Олар көпке дейін қарым-қатынасын құпияда ұстап келген. Десе де, Ева мен Райанның екі баласы бар. Ева Мендес өзін толықтай отбасына арнаған. Бұл күндері кинокартиналардан бой көрсетуді азайтқан. Ал Райан керісінше, экранға жиірек шығатын болған.

Фото: sm.news
Фото: sm.news: Facebook

Бенджи Мэдден и Кэмерон Диаз

Актрисаның жеке өмірінде қиындықтар көп болған. Ол көпке дейін өзіне лайықты ер азаматты кездестіре алмапты. Алайда Кэмерон өзінен 6 жас кіші Бенджиді кезіктіргенде оның өмірі түбегейлі өзгеріпті. 2015 жылы үйленген жұп бір-бірінен бір елі ажырамаған.

Фото: sm.news
Фото: sm.news: Twitter

Крис Хемсворт и Эльза Патаки

Крис өзінен 7 жас үлкен келіншекке үйленген. Олардың ортақ үш баласы бар және көпшілік қызығардай бақытты отбасы.

Фото: sm.news
Фото: sm.news: Facebook

Жерар Пике және Шакира

Шакираның күйеуі өзінен 10 жас кішкентай. Жастағы алшақтық олардың бақытты болуыларын кедергі емес. Тіпті жұптың ортақ ұлдары бар.

Фото: sm.news
Фото: sm.news: Facebook

Хью Джекман мен Деборра-Ли Фернесс

Бұл жұптардың жас айырмашылғы 13 жас. Артынан қанша сөз ерсе де, олардың бірге болғанына 22 жыл болған. Хью бірнеше терінің қатерлі ісігінен емделген, Деборра болса құрсақ көтере алмапты. Дегенмен мұндай келеңсіздікке қарамастан олар бір-бірін үнемі қолдап келеді.

Фото: sm.news
Фото: sm.news: Twitter

Том Каулитц и Хайди Клум

Хайди Клум күйеуінен 17 жасқа үлкен. Алайда олардың фотоларына қарап, екеуінің жасы тең деп ойлауға болады. Көпшіліктің сынына ұшыраса да, олар бүгінде бақытты отбасы.

Фото: sm.news
Фото: sm.news: Instagram

Аарон Тейлор-Джонсон и Сэм Тейлор-Джонсон

Бұл жұптың жас айырмашылығы 24 жас! Джонсондар 2012 жылдан бері бірге. Олар екі қызды тәрбиелеп отыр.

Фото: sm.news
Фото: sm.news: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1826819-zas-ajyrmasylyktary-lken-gollivud-zldyzdary-kimder/

pixel