RU
Алматыда жалған нөмір таққан "Лексус" жол ережелерін өрескел бұзды (фото)

Алматыда жалған нөмір таққан "Лексус" жол ережелерін өрескел бұзды (фото)

Рассказать Вконтакте

Нөмірі жоқ немесе жалған нөмір таққан автокөлік жүргізушілерімен қалай күресуге болады? Алматы полициясы жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қандай шаралар қабылданатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

"Қазіргі таңда полицияның қалада құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін қолданатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде видеокамералар арқылы жалған мемлекеттік нөмірі бар немесе мүлде нөмірі жоқ көлік құралдарын тану функциясы жетілдірілген. Бұл жолдағы құқық бұзушыны жедел анықтап, ізіне түсуге мүмкіндік береді.
Жүйе жолдағы автокөліктер легін мемлекеттік нөмірдің сәйкестігіне тексереді. Жалған нөмірмен немесе мемлекеттік нөмірі жоқ автокөлік қозғалысы анықталған жағдайда, кезекші оператор құқық бұзушыны ұстауға және тиісті шаралар қабылдауға жедел бағдар береді.
Мысалы, "Лексус" (фотодағы) автокөлігінің жүргізушісі жалған нөмір тағып алып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Бар болғаны бірнеше күн ішінде ол 200-ге жуық бұзушылық жасаған. Оған қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Көлік құралын басқару құқығынан айырып, автокөлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Бұл қасақана әрекет және ол ешқалай ақтала алмайды. Аталған жұмыс қала аумағындағы барлық жерде тұрақты түрде жүргізіледі", – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД жедел басқару орталығының басшысы полиция полковнигі Андрей Квашнин.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel