RU
15 жасында ана атанған ару "Қалаулымға" ұлын ертіп келді (видео)

15 жасында ана атанған ару "Қалаулымға" ұлын ертіп келді (видео)

Рассказать Вконтакте

"Қалаулым сен" бағдарламасына бақытын іздеп барған 18 жастағы Қызғалдақ есімді ару кезекті тікелей эфирге өзініңң ұлын ертіп келді. Таңдауы Олжас атты қатысушыға түскен бойжеткен атышулы жобаның өткен бөлімінде 15 жасында ана атанғанын айтып, көптеген көрерменді жылатқан болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

18 жастағы ару "Қалулым сен" студиясына бұл жолы жалғыз емес ұлымен бірге келген. Жас ана қалың көпшілікке үш жасар Нұрәли есімді ұлын таныстырды.

Үміткер қыздың тікелей эфирге баласын алып келгеніне жоба қатысушылары да, көрермен қауымы да аса қатты таңғалған.

Айта кетейік, бұған дейін "Қалулым сен" бағдарламасына Олжас деген қатысушыны таңдап келген Қызғалдақ 14 жасында тағдыр тәлкегіне ұшырағанын айтқан болатын.

Жастайынан көптеген қиындыққа тап болған ару өз бақытын табу үшін бағын сынап көрмек.

Ал жас жігіт аруды ұнатқанымен, ата-анасы олардың жұп болуына қарсылық танытып отырғанын ашық айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
9
2
0
1
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel