Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жерар Депардье Өзбекстанның Франциядағы туризм елшісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Француз актері Жерар Депардье Франциядағы Өзбекстан туристік брендінің елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: kinopoisk.ru
Фото: kinopoisk.ru: Facebook

Жерар Депардьенің тағайындалуы туралы 11 маусым күні "Жібек жолындағы туризм" Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесінің баспасөз конференциясында премьер-министрдің орынбасары Азиз Абдухакимов мәлімдеді.

Тиісті сертификат актерге арнайы шарада берілмек.

Жергілікті БАҚ ақпаратына сәйкес, республикалық туристік брендті Францияда және әлемде алға жылжыту туралы бастаманы актердің өзі көтерген.

Жерар Депарье өткен аптада Ташкентке "Жібек жолы" деректі фильмінің түсіріліміне келген.

Түсірілім жұмыстары 6 қарашадан 26 қарашаға дейін Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Хива және Термез, Нукус қалаларында өтеді. Қазір актер Самарқанд қаласында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1826854-zerar-deparde-zbekstanny-franciadagy-turizm-elsisi-bolyp-tagajyndaldy/

pixel