RU

Өзін басқа ойыншыға алмастырғанына ренжіген Роналду алаңнан кетіп қалды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Футболшы Криштиану Роналду Италия чемпионатында тағы да ел назарын аударды. Бұл жолы спортшыға өзін басқа ойыншыға алмастырған "Ювентус" бапкерінің әрекеті ұнамаса керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ еurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

"Ювентус" пен "Милан" арасындағы матчтің 55 минутында португалиялық жұлдыздың орнына ойынға Пабло Диабала шықты.

Роналдуға бас бапкердің бұл шешімі жақпаса керек, Криштиану Маурицио Сарридің қолын алмастан, қосалқы құрамның қасына барып отырудың орнына алаңнан кетіп қалған.

Аяқдопшы бірден киінетін бөлмеге аттанған.

Футбол сүйер қауым Роналдуды басқа спортшымен алмастыру жайлы шешімге қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі мұны үлкен қателікке баласа, енді бірі Сарри жұлдызды ойыншыны орнына қойғаны дұрыс болды деп есептейді.

Айта кетейік, бұл кездесуде Криштианудың орнына алаңға шыққан Пауло Диабала матчтегі жалғыз голды салып, командасына жеңіс сыйлады.

Маурицио Сарри португалиялық жұлдызды бұған дейін чемпиондар лигасындағы "Локомотив" командасымен болған ойында да алмастырған еді.

Ол кезде де футболшы бапкерімен қол алыспаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзін басқа ойыншыға алмастырғанына ренжіген Роналду алаңнан кетіп қалды (видео)
Mailfire view pixel