RU
29 жастағы танымал актер Ақтөбе облыстық театрының басшысы болды

29 жастағы танымал актер Ақтөбе облыстық театрының басшысы болды

Рассказать Вконтакте

Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театрына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке белгілі актер 29 жастағы Олжас Ибраев келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ желі қолданушысы Әділғазы Кереевтің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Ұжымға жаңа басшыны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев таныстырған.

Айта кетейік, Олжас Қанатұлы Ақтөбе өңірінің тумасы. Ол - Хромтау қаласындағы Тау-Кен техникалық колледжін тәмәмдаған.

Кейін, елордадағы Қазақ Ұлттық Өнер университетіндегі ҚР Халық артисті Гүлжан Аспетованың шеберханасында "Театр, кино және ТД" факультетінің "Драма театр және кино актері" мамандығын, Аймақтық әлеуметтік-инновация университетінде "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығын меңгерген.

2013 жылы "Хабар" агенттігінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Жігіт сұлтаны - 2013" тележобасының жеңімпазы.

Еңбек жолын "Хабар" арнасындағы "Менің жерім" атты Қазақстанның тарихи-өлкетану мұралары туралы бағдарламасының тележүргізушісі болып бастап, РМҚК "МКҰ "Қазақконцерт" "Астана Мюзикл" Мемлекеттік театрының труппа меңгерушісі болған.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында "Шығармашылық бөлім" және "Халықаралық қатынастар және гастрольдер бөлім" басшысы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ұлттық өнер факультетінің деканы болып қызмет атқарған.

Ақтөбе облыстық қазақ драма театры Темірбек Жүргеновтың бастамасымен 1935 жылы құрылған. 1993 жылы театрға танымал жазушы әрі драматург Тахауи Ахтановтың есімі берілген.

Олжас Ибраев - "Айжан", "Шекара", "Ғұмыр-дария" телехикаялары мен "Әли" фильмінде басты рөлдерді сомдаған.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel