Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да танысына WhatsApp арқылы әдепсіз видео жіберген тұрғынның басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Шығыз Қазақстан облысында WhatsApp мессенджері арқылы танысына ұдайы бейәдеп бейнежазба жіберіп жүрген ер азамат жауапқа тартылатын болды деп хабарлайды Алтайньюс.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Басылымның жазуынша, Аягөз ауданының 37 жастағы тұрғыны WhatsApp арқылы Өскеменде тұратын 49 жастағы әйел адамға үнемі әдепсіз видеолар жіберіп жүрген.  

Аягөз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері видео жіберген азаматты анықтап, оған Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша (Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) іс қозғады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл әрекеті үшін ер адамға бес млн теңге мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Одан бөлек, ол түзету жұмыстарына тартылуы немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі де ықтимал.

Айта кетейік, соңғы уақытта WhatsApp мессенджерінде аккаунттары бұғатталып қалғанын айтқан қолданушылар саны артқан. Ал WhatsApp баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұғатталғандар жүйенің ережесін бұзып жүргендер екен. Осылайша, агрессия, экстремизм, фейк жаңалықтар және спаммен күресті күшейткен WhatsApp желісі дөрекі атауы бар топқа қосылған қолданушыларды өмір бойына бұғаттап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826866-sko-da-tanysyna-whatsapp-arkyly-depsiz-video-zibergen-trgynny-basy-blege-kaldy/

pixel