RU
Кремль Назарбаевтың ұсынысына қатысты жауап берді

Кремль Назарбаевтың ұсынысына қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда Украина басшысымен кездесу өткізуге жасаған ұсынысы туралы Владимир Путиннің не ойлайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Песковтың айтуынша, Ресей Федерациясының басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасын жақсартудағы ерен еңбегін жоғары бағалайды.

Баспасөз хатшысының сөзіне сүйенген басылымның мәліметінше, ресейлік көшбасшы Қазақстанда өтетін кездесуден бас тартпайды. Алайда дәл қазіргі уақытта Кремль "нормандық форматтағы" кездесуге дайындалып жатыр.

Песков "кездесу үшін кездесудің" нәтижелі болуы екіталай екенін, сондықтан оған мұқият дайындалу қажеттілігін айтты.

Ол Украина мен Ресей басшыларының диалогы болуы үшін екі тарап Минск келісімінде белгіленген міндеттемелерді орындауы керек деп атап өтті.

Ресейлік баспасөз хатшысының сөзінше, Путин Мәскеу мен Киев арасындағы байланысты қалпына келтіруді жақтайды.

Еске сала кетсек, Елбасы Ресей мен Украина арасын жақсарту үшін көзбе-көз сөйлесуді ұсынған болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel