RU
Уақытша бала күтуші қызметін атқарған екі полицей көпті тәнті етті (фото)

Уақытша бала күтуші қызметін атқарған екі полицей көпті тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Ассама қаласында екі полиция қызметкері өздерінің мейірімділігінің арқасында әлеуметтік желіде танымал болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su порталына сілтеме жасап.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Өкінішке орай, бұл екі мейірбан жанның есімі аталмаған. Тек олардың мұғалім болуға үміткерлердің ғимаратын күзетуге қатысқаны хабарланған.

Ұстаздық қызметке лайықты екенін дәлелдеу үшін үміткерлер кәсіби біліктілін анықтайтын бірнеше тесттен өтулері керек болыпты.

Екі үміткердің кішкентай сәбимен келгенін байқаған полицейлер балалардың анасын алаңдататынын бірден түсінеді. Сөйтіп олар уақытша бала күтуші бола тұрайық деп сәбидің ата-анасына ұсыныс жасайды.

Бейтаныс жандардың қолына бала ұстап түскен суреті желіде лезде тарап кеткен.

Көпшілік өзінің қызметіне жатпаса да, бала күтуші болған екі мейірімді полицейге мақтауларын жаудырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel