RU
Алматы тауында жоғалып кеткен аруды іздеу жұмыстары қайта жалғаспақ

Алматы тауында жоғалып кеткен аруды іздеу жұмыстары қайта жалғаспақ

Рассказать Вконтакте

Үлкен Алматы көлінің маңына серуенге шығып жоғалып кеткен бойжеткенді іздестіру жұмыстары қайта жалғасатын болады. Бұл туралы ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлайды.

Әсел Панаргалиева. Фото: vk.com/gornotravel

Әсел Панаргалиева. Фото: vk.com/gornotravel

"Кеше туыстары хабарласып, қызды іздеуді тоқтатуды өтінген еді. Бүгін кешке қарай тағы да өтініш жасап іздеу жұмыстарын жалғастыруды сұрады.
Қазір кештің қараюына және тауда іздеу жұмыстарының түнде жүргізілу қиыншылықтарына байланысты іздеу жұмыстарын таңертең ерте бастайтын боламыз. Туыстары неге тағы да іздеу жұмыстарын жандандыру қажеттігі себебін білмейміз", - деді ҚазАқпаратқа Нұрсұлтан Нұрахметов.

Айта кетейік, бұған дейін Әселдің туыстарының өтінішімен іздестіру жұмыстары тоқтатылғаны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, республикалық жедел-құтқару жасағы 26 жастағы арудың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген. Бойжеткеннің туыстары оның соңғы кездері тау туризмімен белсенді айналысып жүргенін жеткізді.

9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы көлінде түскен суретін әлеуметтік желіге жариялаған. Одан кейін байланысқа шықпаған.

Хабарламадан соң құтқару жасағы ауа райының қолайсыздығынан ештеңе көрінбейтін қараңғылыққа қарамастан түнімен іздеген.

Іздеу шараларына сонымен қатар 11 адамнан тұратын кинологиялық құрам жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel