RU
«Манчестер Юнайтед» жұлдызы «Астанамен» өтетін матчқа келмейтін болды

«Манчестер Юнайтед» жұлдызы «Астанамен» өтетін матчқа келмейтін болды

Рассказать Вконтакте

Әйгілі «Манчестер Юнайтед» клубының орталық жартылай қорғаушысы Скотт Мактоминей аяғын жарақаттап алып, ауруханаға түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Footballhd.ru сайтында белгілі болды.

Футболшы Қазақстанның елордасы - Нұр-Сұлтанда өтетін "қызыл сойқандардың" "Астана" командасына қарсы матчына қатыспайтын болды.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның ұлттық құрамасы мен Шотландия арасындағы ойында да өз жанкүйерлерін қуанта алмайды.

Скоттқа балтырдың зақымдануы диагнозы қойылған. Дәрігерлер оның бір айға жуық алаңға шығуы мүмкін емес екенін алға тартуда.

Футбол жұлдызы Англия Премьер-лигасындағы «Брайтонмен» ойын кезінде жарақат алған.

Сонымен қатар, жартылай қорғаушы ағылшын дивизионындағы «қызыл шайтандардың» 4 бірдей ойынына қатыспайды және Еуро-2020 іріктеу аясында Қазақстан мен Кипрге қарсы ойындарда Шотландия құрамасы үшін ойнай алмайды деген болжам бар.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мен Шотландия арасындағы кездесу 19 қарашада өтеді. Бұл жолы қазақстандықтар қарсыластардың алаңында ойнайды.

Ал «Манчестер Юнайтед» пен «Астана» клубтарының Нұр Сұлтандағы матчы 28 қарашада өтеді. Өткен жолы «қызылдар» астаналықтарға бар болғаны 1 гол салған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel