RU
Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың анасы мәлімдеме жасады

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың анасы мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда жеті жасар баланы қағып кетті деп күдіктелген 20 жастағы қазақстандықтың анасы мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

Қазақстандық БАҚ-тың мәліметінше, келіншек Оңтүстік Кореяға келген. Оның жергілікті халыққа жасаған үндеуін JTBC NEWS телеарнасы көрсеткен.

Әйел адамның айтуынша, ол шет елге өзі мен ұлының атынан халықтан кешірім сұрау үшін арнайы ат басын бұрған екен.

"Мен бұл елде болған жол-көлік оқиғасы мен зардап шеккен бала үшін барлық кәріс халқынан басымды иіп кешірім сұраймын", - дейді ол.

Мәселе екі ел арасында болғандықтан келіншек осыған дейін кешірім сұрау мүмкін емес деп ойлапты.

Оның сөзінше, ұлы істеген ісі үшін заң алдында жауап беруге дайын.

Отандасымыз баланың ата-анасының алдында кешірім сұрап, ана ретінде мұндай қайғыны түсініп тұрғанын да айтты.

Ол жәбірленушілерге көмек көрсетуден бас тартпайтынын, егер дене мүшесін ауыстыру қажет болса, ұлы мен өзі кез келген дене мүшесін беруге дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, қазақстандық жігіттің анасы зардап шеккен баланы емдеп жатқан оңтүстік кореялық дәрігерлерге алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 20 жастағы қазақстандық азматтың Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында үйіне бара жатқан 7 жастағы баланы көлікпен қағып кеткені хабарланған еді.

Жол-көлік оқиғасы 18 қыркүйек күні болған. Полицейлердің ақпараты бойынша, жас жігіт елден келесі күні кетіп қалған. Кейінірек ол Қазақстаннан табылды.

Қазір күдікті ЖКО болған Чанвон қаласындағы тергеу изоляторында. Жақында зардап шеккен баланың жағдайы жақсарғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
10
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel