Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Шымкентте көшеден табылды

Опубликовано:

11 қазан күні кешке Мақтарал аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабараласып, Шымкентке қарай бет алған 2003 жылы туған қызы із-түссіз жоғалғанын айтқан. Содан кейін кәмелеттік жасқа толмаған қызды іздеуге полиция бөлімшесінің жеке құрамы толық кірісіп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ernur.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Ernur.kz
Көрнекі фото: Ernur.kz: Facebook

Полицейлер кешенді жедел-тергеу шараларын жүргізіп, жоғалған қыздың болуы мүмкін жерлерді тексерді. Кез келген ақпарат білетін азаматтар мен куәгерлерге сұрақ қойды.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының барлық полиция бөлімшелеріне жоғалып кеткен қыз туралы ақпарат жіберілді.

Кәмелетке толмаған бойжеткенді іздестіру жұмыстары Мақтарал полиция бөлімшесі криминалдық полициясының жедел уәкілі, полиция лейтенанты Демеу Сансызбайға тапсырылды.

Бір аптадан кейін іздеу жұмыстары нәтижесінде қыз Шымкенттегі көшелердің бірінен табылып, үйіне қайтарылды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр.

Өз кезегінде табылған қыздың анасы Мақтарал аудандық полиция бөлімшесінің полицейлері мен Демеу Сансызбайға кәсібилігі мен оперативтілігі үшін алғыс білдірді.

Жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларына қызметте табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826957-trkistan-oblysynda-zogalyp-ketken-16-zastagy-kyz-symkentte-kseden-tabyldy/

pixel