RU
Радаға Джокердің маскасымен келген депутат әріптестерін таңғалдырды (видео)

Радаға Джокердің маскасымен келген депутат әріптестерін таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Украинада "Оппозициялық платформаның" халық депутаты Илья Кива Жоғары Рада отырысына Бэтмен жайлы саганың танымал кинокейіпкері Джокердің маскасында келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ strana.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: strana.ua

Фото: strana.ua

Басылымның жазуынша, соңғы уақытта өзінің "Слуг народа" депуттарымен алмасып жүрген хаттарын жариялап жүрген пранкер де өзін Джокер деп атайды.

"Бүгін барлығымыз азғантай Джокерміз", - деп жазды Илья Кива өзінің Facebook парақшасында.

Кейін ол бетпердесін шешіп, жақында ғана депутаттық мандат алған халық қалаулысы Сергей Рудык сөйлеп жатқанда масканы Жоғары Рада трибунасына қойды.

Айта кетейік, "Джокер"- режиссер Тодд Филипстің Филиппс пен Скотт Сильвердің бірге жазған сценариіне негізделген америкалық психологиялық триллер. Басты рөлді Хоакин Феникс сомдайды.

Фильмнің сюжеті DC Comics компаниясының комикстеріндегі Бэтменнің негізгі антогонистерінің бірі суперзұлым Джокердің шығу тарихының нұсқасын баяндайды.

Фильмнің тұсаукесері 2019 жылдың 31 тамызында 76- Венеция кинофестивалінде болды. Онда картина "Алтын арыстан" атты басты сыйлыққа ие болды. Фильм 2019 жылдың 4 қазанында жарыққа шықты.

Ол әлемдік прокатта 984 млн доллар жинап, 2019 жыл бойынша әлемдегі ең кассалық фильмдер тізімінде жетінші орынға жайғасты.

Сонымен қатар, ол R категориясындағы картиналар тарихындағы ең кассалы фильм атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel