RU
Қытайлық азамат 20 жыл бойы мұрнындағы тіспен жүргенін біліп, өзі таңырқап қалды (фото)

Қытайлық азамат 20 жыл бойы мұрнындағы тіспен жүргенін біліп, өзі таңырқап қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Хэйлунцзян провинциясы Харбин қаласының тұрғыны 20 жыл бойы мұрнында өскен тіспен жүрген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кадр: Pear video

Кадр: Pear video

Қараша айының басында 30 жастағы Чжан Биньшен соңғы үш айда мұрны бітеліп, демалуы қиындап жүргенін айтып, дәрігерлерге шағымданады.

Рентгеноскопия уақытында ақ халаттылар науқастың мұрын қуысынан ұйыған нәрсе байқаған.

"Ол адамның тісіне ұқсады", - дейді отоларингология бөлімі директорының орынбасары Бай Чжибан.

Биньшен 1999 жылы 10 жасында сауда орталығының үшінші қабатынан құлап, екі тісін жоғалтып алғанын айтқан.

Ал отоларингология бөлімінің директоры Чжоу Бинь сол уақытта тістің науқастың мұрнына тіреліп қалған болуы мүмкін деп болжаған.

Биньшеннің ағзасы тұмсықтағы тісті қабылдамаған екен. Сол себепті ол 20 жыл бойы байқалмай жүріпті. 8 қараша күні хирургтар азаматқа жарты сағаттық ота жасап, оның мұрнындағы бір сантиметрлік тісті алып тастады.

Қазір науқастың жағдай тез оңалып келеді. Ол жақында ауруханадан шығарылады.

Айта кетейік, мұндай ауру медицина тарихында өте аз кездеседі. 1959 жылдан баста 2008 жылға дейін медициналық журналдарда осыған ұқсас 23 жағдай тіркелген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel