RU
Венецияны 50 жылда болмаған су басып қалды (фото, видео)

Венецияны 50 жылда болмаған су басып қалды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Венециядағы су деңгейі 187 сантиметрді көрсетіп, рекордты деңгейге жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Риа Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: © РИА Новости / Владимир Вяткин

Фото: © РИА Новости / Владимир Вяткин

Венеция орта есеппен әр төрт жыл сайын "судың жоғары деңгейін" бастан кешеді. Бірақ, әдетте, 110 сантиметрден аспайтын су қаланың 10% -ға жуығын басады. Алайда бұл жолы әдеттегіден өзгеше болған.

"187 сантиметр. 1966 жылы 194 сантиметрден кейінгі екінші жоғары көрсеткіш", - дейді қала әкімдігі Twitter парақшасында.

Биліктің мәліметінше, су 140 сантиметрден асса, онда қаланың 90 пайызын су басады.

Ұсынылған сызбаға сәйкес, су деңгейі аздап төмендеп, таңға қарай тағы 155 сантиметрге көтеріледі.

Алдағы бірнеше күнде ол кейде азайып, кейде артып отырады. Бірақ, ол кесте түнде судың тек 145 сантиметрге жетеді деп көрсеткен.

"Сәрсенбі күні біз апат режимін жариялаймыз. Біз биліктен көмек сұраймыз, шығын көп болады. Бұл ғаламдық жылынудың салдары", - деп жазды Луиджи Бруньяно Twitter желісінде.

Оның сөзінше, мұндай топан су жойылмас із қалдырады. Сондықтан, билік келген залал шығынын есептей бастайды.

Сондай-ақ, мэрия Венето өңірінен дағдарыстық жағдай жариялауды сұрайтынын мәлімдеді.

Бұл Римдегі орталық үкіметтен төтенше жағдай режимін жариялау үшін қажет.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel