Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі бірыңғай жиынтық төлем туралы не білеміз

Опубликовано:

БЖТ – өз қызметін жүзеге асыру, табыс алу, өз қызметі туралы мемлекетті хабардар ету және әлеуметтік және медициналық сақтандырудың қатысушысы болу мүмкіндігі. 2019 жылғы 1 қаңтардан Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем қолданыла бастады. БЖТ деген не және ол неге қажет екендігі туралы Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлзинат Мейрбекова айтып берді.

БЖТ – әлеуметтік қорғалу мүмкіндігі
Фото: Pixabay.com: Facebook

Бірыңғай жиынтық төлем жеке қосалқы шаруашылықта еңбек етушілер, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері үшін есептелген. Яғни, формальды емес жұмыспен қамтылғандар өз қызметін жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеусіз іске асыруы мүмкін. Бұл - билеттердің құнын төмендету арқылы билетсіздермен күрес түрі, деп түсіндірді мамандар.

«Мемлекеттік органдарда жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген, бірақ бұл ретте белгілі бір табысы бар адамдар. Оларға сантехниктерді, жеке дүкендері бар сатушыларды немесе үйде жұмыс істейтін тігіншілерді жатқызуға болады. Қазынаға 2525 теңге төлегеннен кейін олар өздігінен жұмыспен қамтылған тұлға мәртебесін алады", - деді Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы.

Сонымен қатар, мамандар бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бұл ерікті шара екенін атап өтті. Қалауы бойынша БЖТ-ны екінші деңгейдегі банктер, Қазпошта бөлімшелері арқылы, мемлекеттік корпорацияның шотына немесе мобильдік қосымша арқылы төлеуге болады.

Бұл ретте, алынған сомадан 10% жеке табыс салығын құрайды; 20% - әлеуметтік аударымдар; 30% - міндетті зейнетақы жарналары және 40% - міндетті медициналық сақтандыру аударымдары. Осылайша, жеке тұлғаның мүлдем алаңдауының қажеті жоқ және әр түрлі төлемдерге бөлу міндетті емес, бөлу автоматты түрде жүргізіледі. Айта кету керек, келесі жылдың басынан бастап Қазхстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жоспарланып жатыр. Ал БЖТ жеке тұлғаларға автоматты түрде әлеуметтік қорғалуға мүмкіндік береді.

«Төлемде екі маңызды басымдық бар. Бірыңғай жиынтық төлем төлеген азаматтар, жедел түрде әлеуметтік медициналық сақтандырудың қолданушылары болып табылады. Міндетті зейнетақы аударымдары түскен кезде еңбек өтілі есептеледі. Бұл өте ыңғайлы», - деп түсіндірді Гүлзинат Мейірбекқызы.

Бірыңғай жиынтық төлем сомасы алынған табыстың мөлшеріне байланысты емес және қосымша есептесуді талап етпейді. Заң жүзінде ай сайынғы төлем мөлшері белгіленген. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда - ол 1 АЕК немесе 2525 теңгені құрайды. Қалған елді мекендерде - осы соманың жартысын құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826972-elimizdegi-birygaj-ziyntyk-tlem-turaly-ne-bilemiz/

pixel