RU
Желідегілер Ернар Айдарды әке болуымен құттықтап жатыр (фото)

Желідегілер Ернар Айдарды әке болуымен құттықтап жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар бесік арбамен түскен суретін жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды. Желі қолданушылары танымал әншінің әке атанғанын болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдардың Instagram парақшасына салған кезекті суреті ел арасында қызу талқыға түсті.

Өнер иесі бесік арбамен түскен суретін жариялап:

"Баршаңызға осындай бақыт тілеймін" , - деген жазба қалдырған.

Бұл жазбадан кейін желідегілер әншінің әке атанғанын болжады. Кейбірі тіпті оның қызды болғанын да жазуда.

Қалың көпшілік бірден әртіске өз құттықтауларын жаудырып, ізгі ниет-тілектерін білдіріп жатыр.

"Бауы берік болсың" , "Тұңғышыңыздың бауы берік болғай, "Тәтті қыз отбасыңызға тек жақсылық алып келсін" , "Сұлу да, сымбатты қыз болып өссін" , "Құтты болсын, бақытты қыз болып өссін" , "Бауы берік болсын" , "Жанұяң толыға берсін" , "Көбейе беріңер", "Бақытты азамат немесе азаматша болып өссін" , "Тіл көзден сақтасын" , "Сізден жақсы әке шығады" , "Үлкен қыз болсын. Атасы мен әжесін қуанта берсін" - деп жазуда оқырмандар.

Алайда, әнші нақты әке атанды ма ол жағы белгісіз. Себебі Ернар Айдар өз тарапынан ресми түрде хабарлаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel