Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық кеңеске мүше болған Асхат Садырбай ешқашан депутат болмайтынын айтты

Опубликовано:

Президенттің сайлауалды штабының агитациялық жұмысына қатысқан Асхат Садырбай бүгінде Ұлттық кеңес мүшесі. Тәуелсіз журналист ретінде өз пікірін білдірген ол қорқатындай қылмыс жасадым деп ойламайды. Одан бөлек, тележүргізуші ешқашан депутат болғым келмейді деп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 7kun.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Асхат Садырбай. Фото: 7kun.kz
Асхат Садырбай. Фото: 7kun.kz: Twitter

Сайтқа берген сұхбат барысында ұлттық кеңеске мүшелік еткен Асхат Садырбай өзіне берілген мүмкіндікті толық пайдалануға тырысатынын жеткізді.

Дегенмен, ол ешқашан депутат болғысы келмейтінін де жасырмады.

"Кеңеске келгелі депутат болғым келмейтінін түсіндім. Екі ай ішінде көрген-білгенімнен қорытынды шығарып, ешқашан депутат болмаймын деп шештім. Мен мемлекетке депутаттан гөрі журналист ретінде пайдамды көбірек тигіземін", - деді ол.

Бес-алты жыл көлемінде нақты ешқандай басылымның, телеарнаның штатында жұмыс істемеген Асхат Садырбай Арыс оқиғасында белсенді болғанымен, жауапты министрдің отставкаға кетуін неге сұрамағанын да түсіндірді.

"Мен қорғаныс саласын басқарған қай министрдің бұл трагедияға жауапты екенін білмедім. Бүгінгі министрге отставкаға кетіңіз дейін десем, оған дейінгі министрлердің де тұсында жарылыс болыпты", - деді журналист.

Сондай-ақ, тележүргізуші сұхбат барысында осыған дейін өз позициясын білдіріп, митингке шыққанын айтты. Ал қазір ол митингке бармай-ақ, билікке өз пікірімді айта аламын дейді.

"Жер мәселесі кезінде жағдай басқаша болған еді. Алматыда өткен митингке қатысқанымды жасырмаймын.  Ал қазір азаматтардың шеруге шығуына биліктің мүмкіндік бермеуінің бір ғана себебі бар деп естідім.
Көшеде өз жұмысымен жүрген адамдарды полицияның  күштеп көліктеріне отырғызып жатқаны маған түсініксіз. Мұны полицияның өзі де түсіндіре алмай жатыр",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826996-lttyk-keeske-mse-bolgan-ashat-sadyrbaj-eskasan-deputat-bolgysy-kelmejtinin-ajtty/

pixel