RU
Фатима Жақыпова Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Фатима Жақыпова Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Рассказать Вконтакте

Фатима Жақыпова еліміздің Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Фото: Президент жанындағы МБА баспасөз қызметі

Фото: Президент жанындағы МБА баспасөз қызметі

Тиісті қаулыға үкімет басшысы қол қойған.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге салайық, Фатима Жақыповаға қатысты дау осы күзде туындады. БҒМ қызметкерлерінің бірі Жақыпованың диссертациялық жұмысының жартысынан көбі басқа ғылыми еңбектерден алынғанын мәлімдеді.

Кейін ғылыми жұмыстан қандай плагиат белгілері анықталғаны белгілі болды.

Вице-министр бұл айыптауларға жауап беріп, желіде арнайы жазба жариялады.

Жақында депутаттар Министрлер кабинетінің басшысы Асқар Маминнен Фатима Жақыповаға қатысты туындаған түсініксіз жағдайды шешуді сұрады.

Жақыпова "антиплагиат нәтижелері негізсіз" екенін мәлімдеді.

Вице-министр өз диссертациялық жұмысын Turnitin деп аталатын ғылыми еңбектің бірегейлігін тексеретін жаңа бағдарламада қайта тексеріп шыққанын алға тартты. Айтуынша, аталған бағдарламада оның ғылыми еңбегінің бірегейлігі 87% көрсеткен.

Кейін БҒМ басшысының кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Фатима Жақыповаға қатысты қабылданған шаралар туралы айтып, вице-министрдің басқа қызметке ауысатынын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel