RU
Мың бұрала билеген Қайрат Әділгерей елді күлкіге қарық қылды

Мың бұрала билеген Қайрат Әділгерей елді күлкіге қарық қылды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей мың бұралған сылқымның кейпіне еніп, көпшіліктің ішек-сілесін қатырды. "Екі жұлдыз" жобасына қатысып жатқан өнер иесі өз кезегін күтіп тұрып, әріптестеріне ерекше көңіл күй сыйламақ болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қайрат Әділгерейдің билеген сәтін Instаgram желісіне Серік Ибрагимов жариялады.

Бейнежазбадан белгілі әзілкештің баяу әуенге тербеліп, оны өзі орындап жатқандай күй танытқанын аңғаруға болады.

Айта кетерлігі, Қайрат Әділгерей Толқын Забирова шырқаған әнге пародия жасаған.

Әділгерейдің ерекше өнеріне желідегілер де тәнті болған. Олар әзілкеш айналасына үнемі жақсы көңіл күй сыйлап жүретінін айтып, оған деген жылы лебізін білдірген.

"Жарайсың Қайрош. Үнемі көңілді жүресің. Күліп жүр, күлдіріп жүр. Бірақ күлкі болма" , "Осындай талантты адамдар көп болсын" , "Көпке күлкі сыйлайсың үнемі" , "Қандай тамаша көрініс" , "Актерлік шеберлігіне сөз жоқ" , "Мен де бір күліп алдым" , "Қатырасыз, Толқын Забирова ашуланатын болды ғой" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel