RU
Үндінің танымал актері Алматыға келді (фото)

Үндінің танымал актері Алматыға келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыға танымал қазақстандық Nomad Stunts каскадерлік тобымен төбелес сахналарын түсіру үшін Үндістаннан түсірілім тобы келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Фото : Twitter

Фото : Twitter

"Агни Сирагугал" деп аталатын картинада үнді киносының жұлдыздары Арун және Энтони Виджай, Акшара Хасан (Камал Хасан және Сарики Тхакурдың қызы, актриса Шрути Хасанның сіңілісі), Пракаш Радж, Сендрайан, Нассер, Джагапати Бабу, Дж. Сатиш Кумар ойнайды.

Алматыға келгендері туралы алғашқы болып танымал актер Арун Виджай өзінің Twitter парақшасында хабарлаған.

"Демалыс күнімізді Іле Алатауының тау бөктеріндегі тамаша табиғатпен танысып өткіздік", - деп жазған Виджай.

Белгілі болғандай, содан бері Алматыда Nomad Stunts тобымен бірге трюктарды қою және жасау жұмыстары белсенді жүрген. Мәліметтерге сәйкес, түсірілмнің өзі алдағы демалыс күндері басталмақ.

Бұл Қазақстанда және Алматыда түсірілетін алғашқы үнді киносы. Шығармашылық ұжым біздің елге келмес бұрын Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында түсірілім жасаған.

Қазақстандық Nomad Stunts каскадерлік тобының 20 жылдық тәжірибесі бар және әлемдік кино майталмандарына жақсы таныс.

Олар "Моңғол", "Мулан" (Disney), "Келін", "47 ронинов" (Universal), "Жау жүрек мың бала", ресейлік "Тобол", "Викинг" сынды картиналарда төбелес сахналары мен атпен орындалатын трюктерді жасаған.

Каскадерлік топ Джета Ли, Арнольд Шварценеггер, Сильвестр Сталлоне және Брюс Уиллис секілді голливудтық жұлдыздармен бірге түсірілімдерге қатысқан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel