RU
Сән әлемін бағындырған мінсіз мүсінді егіз қыздар жайында білесіз бе

Сән әлемін бағындырған мінсіз мүсінді егіз қыздар жайында білесіз бе

Рассказать Вконтакте

Сән әлімін бағындыру үшін сұлу келбет жеткіліксіз. Мыңдаған қыздың арасынан суырылып шығып, өзіңді таныта білу керек. Бүгінде әлемдегі танымал брендтердің сәнбике ретінде егіз қыздарды алуы трендке айналған. KAZ.NUR.KZ порталы Bigpicture сайтына сілтеме жасап егіз модельдерді назарларыңызға ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Инка және Нееле Хопер (Inka and Neele Hoeper), 25 жаста

Бұл егіз қыздардың жақындығы соншалық олардың ешқашан жігіті болмапты. Олар бір-біріне өте жақын, бірдей түс көреді, бірдей ойлайды.

Элиша және Рене Герберт (Elisha and Renee Herbert) 20 жаста

Австралиялық егіздер 18 жасында мега-танымал болды.

Қыздар модельдік мансабын 14 жастарында бастаған. Elite Models агенттігімен келісім-шартқа отырып, Calvin Klein сынды брендтердің жарнамаларына түседі.

Шын мәнісінде, қыздар егіз емес, үшем. Олардың Эрик есімді бауырлары бар. Алайда ол суретке түскенді ұнатпайды.

Келси және Бэйли Солз (Kelsey and Baylee Soles), 23 жаста

Бұл сұлулар Оңтүстік Калифорнияда өскен. Жасөспірім кезінен бастап сән әлеміне аяқ басқан. Бүгінде олар Calvin Klein брендінің бет-бейнесіне айналды.

Андреа және Бриттани Брукс (Andrea and Brittany Brooks)

Басқа егіздерге қарағанда бұл қыздар бірге жұмыс істемейді. Жеке өмірін де құпия ұстайды. Андреаның жеке YouTube арнасы бар. Онда 4 миллион жазылушысы бар.

Гюльджан және Сахинур (Gülcan and Sahinur)

Бұл егіздер көпшілікке Instagram арқылы жақсы таныс. Қыздар оқырмандарымен сұлулық, стиль бойынша кеңестерімен бөліседі.

Шеннон және Шеннэйд Клермонт (Shannon and Shannade Clermont), 25 жаста

Бұл арулар модельдік мансабын 14 жасында бастаған. Олардың танымалдылығы Канье Уесттің 2018 жылы Yeezy компаниясының жарамасына түсуге шақырған сәтінде артқан. Қыздар америкалық "Bad Girls Club" тележобасына, бірнеше сән көрсетілімдеріне қатысқан.

Амели және Сесили Моэсгор Нильсен (Amalie and Cecilie Moosgaard Nielsen), 20 жаста

Даниялық сұлулар 16 жасында-ақ Prada брендінің сән көрсетіліміне қатысқан. Содан бері олар Valentino, Александр Маккуиннің көрсетілімдерінде өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel