RU

Алматы облысында оқушы мектепте көз жұмды

Алматы облысында 2-сынып оқушысы мектепте көз жұмды. Қайғылы жағдай Текелі қаласындағы №4 мектепте болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Мектеп директорының орынбасары Әйгерім Бексұлтанованың айтуынша, 2-сынып оқушысы үзіліс кезінде асханаға қарай баспалдақпен жүрген. Оқиғаның нақыт қалай болғанын ешкім көрмепті. Ұстаздар шыққан сәтте, оқушы құлап жатқан екен.

Педагогтың сөзінше, бала 15 минуттың ішінде көз жұмған. Бірақ денесінде ешқандай жарақат белгілері болмапты.

Агенттіктің хабарлауынша, 8 жастағы оқушы нақты баспалдақтан құлады ма, әлде басқа жағдай себеп болды ма, ол жағы әлі белгісіз. Себебі, білім ордасының басшылығы бала кәмпитке шашалып қалуы мүмкін дегенді де айтып отыр.

Өйткені оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткенде оның аузынан шоколадтың қалдықтары шығыпты.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мектепте көз жұмған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған.

Аталған факті оқыс оқиға ретінде тіркелген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1827034-almaty-oblysynda-okusy-mektepte-kajtys-boldy.html