RU
Қазақстанда девальвация күтіле ме: Ұлттық банк басшысы жауап берді

Қазақстанда девальвация күтіле ме: Ұлттық банк басшысы жауап берді

Рассказать Вконтакте

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәжіліс кулуарында елімізде девальвация болу мүмкіндігіне қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Осы мәселеге байланысты БАҚ өкілдерінің қойған сұрағына ол қысқаша жауап берді.

"Девальвацияға ешқандай дайындық жүріп жатқан жоқ", – деді Досаев.

Ақшаның құнсыздануы Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде "біріңғай валюта құру" жөніндегі мәселе секілді, қоғамда ара-тұра көтеріліп жататынын айта кеткен жөн.

Аталған мәселе елімізде өткен президент сайлауының қарсаңында ерекше талқыланған болатын. Сол кезде де Ұлттық банк девальвация болу мүмкіндігін жоққа шығарып, ұлттық валюта бағамы бақылауда екенін жеткізген.

Айта кетейік, бүгінгі валюта бағамына сәйкес, бір АҚШ доллары 389,35 теңгені құрап отыр.

Кеше үкімет отырысында сөз сөйлеген Ұлттық банк төрағасы жылдың басынан бері теңгенің әлсіреуі 1,2% құрағанын мәлім етті.

Оның айтуынша, бұндай жағдай байқалып жатқан импорт өсімінің және әлемдік шикізат нарықтарында бағаның құбылмалы болуы әсерінен туындап отыр.

Осы орайда айта кететін бір жайт, бүгін депутат Айқын Қоңыров биылғы жылдың қаңтар-тамыз аралығында еліміздің экспорты 4,5%-ға қысқарғанын, ал импорттың 13,2%-ға өскенін мәлдімдеді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel