RU
"Олар әділеттікке сенгені үшін кінәлі": Атамбаев өз жақтастарын босатуды талап етуде

"Олар әділеттікке сенгені үшін кінәлі": Атамбаев өз жақтастарын босатуды талап етуде

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев биылғы 7-8 тамызда өзінің Қой-Таштағы үйіне шабуыл жасалған кезде ұсталған адамдарды тергеу изоляторынан босатуды талап етіп, мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kg-ға сілтеме жасай отырып.

Атамбаев арнайы жасақ қызметкерлерінің оның үйіне жасаған шабуылы заңсыз болғанын атап өтті. Ол осыған орай сол оқиғалардың барлық қатысушыларына тағылған айыптар алынып, ұсталғандар босатылуы керек екенін алға тартты.

Атамбаев наразылыққа қатысқандардың кінәсіз екенін билік өкілдері де білетінін жеткізді. Ол егер үкіметтің қандай да бір сұрақтары болса, оларды жеке өзіне қоюын сұрап отыр. Экс-президент қазіргі билік тұсында жағдайдың кез-келген бағытта өрбуіне дайын екенін айтып, өз жақтастарының босатылуын талап етуде.

"Олар тек әділеттікке, заңдарға, ел Конституциясына сенгені үшін кінәлі", – деп мәлімдеді ол.

Бұдан бөлек, өз мәлімдемесінде Атамбаев биліктің заңсыз бұйрық берген адамдарды жауапкершіліктен жалтаруға тырысып жатқанын жеткізді. Ол бейбіт тұрғындарға оқ атылуы, сондай-ақ арнайы жасақтың өз үйіне заңсыз басып кіруі орын алған тәртіпсіздіктерге себеп болғанын атап өтті.

Атамбаев мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековтің "экс-президенттің беделін түсіріп", моральдық тұрғыда жою үшін барынша күш салып жатқанына сенімді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel