RU
"Қашқан жоқ": Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақстандық азаматтың сот тыңдалымы өтті

"Қашқан жоқ": Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақстандық азаматтың сот тыңдалымы өтті

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда бала қақып, артынша елден қашып, туған жеріне кетіп қалды деп айыпталған қазақстандық мигрантқа қатысты адғашқы сот тыңдалымы өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ yna.co.kr сайтына сілтеме жасап.

Күдікті қазақстандық. Фото: yna.co.kr

Күдікті қазақстандық. Фото: yna.co.kr

Оңтүстік кореялық басылымның ақпарынша, бірінші отырыста 20 жастағы қазақстандық азамат өзіне тағылған барлық айыпты мойындаған.

Айыпталушының адвокаты қорғауындағы адамның баланы қаққан соң оқиға орнынан қашып кетпегенін айтты.

Оның сөзінше, жүргізуші баланың жағдайын тексеру үшін бірден тоқтаған. Оның үстіне жігіт корей тілін білмегендіктен, онымен бірге ауруханаға бармапты.

"Сол кезде ол қорқып, кетіп қалған", - деді адвокат.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сот отырысына Оңтүстік Кореяға бірнеше күн бұрын келген қазақстандықтың 44 жастағы анасы да қатысқан. Әйел залда отырып, сот процесін бақылаған.

Төрағалық ететін судья шетелдіктің Корея азаматтарынан еш айырмашылығы жоқ екенін айтып, істің жалпы тәртіппен қаралатынын хабарлаған.

Келесі сот отырысы 13-желтоқсанға белгіленген.

Айта кетсек, бұған дейін 20 жастағы жігіттің анасы Оңтүстік Кореяға арнайы келіп, корей халқынан кешірім сұрағаны хабарланған еді. Ол жәбірленушілерге көмек көрсетуден бас тартпайтынын, егер дене мүшесін ауыстыру қажет болса, ұлы мен өзі кез келген дене мүшесін беруге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін 20 жастағы қазақстандық азматтың Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында үйіне бара жатқан 7 жастағы баланы көлікпен қағып кеткені хабарланған еді.

Жол-көлік оқиғасы 18 қыркүйек күні болған. Полицейлердің ақпараты бойынша, жас жігіт елден келесі күні кетіп қалған. Кейінірек ол Қазақстаннан табылды.

Қазір күдікті ЖКО болған Чанвон қаласындағы тергеу изоляторында. Жақында зардап шеккен баланың жағдайы жақсарғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel