RU
Головкиннің промоутері боксшының алдағы жоспарларымен бөлісті

Головкиннің промоутері боксшының алдағы жоспарларымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 2020 жылы қыстың аяғында немесе көктемнің басында өткізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BoxingScene.com-ға сілтеме жасай отырып.

Қазіргі уақытта Геннадий Головкинмен бірге қызмет ететін Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандықтың келесі жекпе-жегі биылғы ақпан немесе наурыз айында өтетінін мәлім етті.

Аталған уақытта GGG орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуін міндетті түрде қорғау үшін поляк боксшысы Камил Шереметамен жұдырықтасуы қажет.

Басылымның мәліметінше, промоутерлік компания басшысы өткен аптада Лос-Анджелеске барған сапарында Головкинмен кездескен.
Кездесу барысында GGG-дің алдағы жоспары туралы сөз қозғалған.

Сонымен қатар, Эдди Хирннің қазақстандық пен поляк боксшысының жекпе-жегі жөнінде келісімнің алдында Сауль Альварестің командасымен келіссөздерді жандандыруға тырысатыны белгілі болды. Промоутерлік компания басшысы Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жекті ұйымдастыруға күш салуға уәде берді.

Айта кетейік, бұған дейін орта салмақта Еуропаның бұрынғы чемпионы поляк боксшысы Камил Шеремета кезекті қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкиннің осал тұстарын атаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel