RU

Жігер Ауыпбаев күйеуіне ән арнаған танымал әзілкешті "ұрып" тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаев "Екі жұлдыз" жобасындағы өзінің жұбы Мереке Қалбаеваны жаңа әнімен ерекше құттықтады. "Сүйіп қалдым жас баланы" деген әннің тұсауын кескен әзілкеш өзінің әншілік қырын да байқап көруге бел буыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Әнші әзіл-шыны аралас құттықтауын желідегі парақшасында жариялаған. Ол онда:

"Мереке жаңа ән шығарып алып өзінше болып отыр ғой. Құтты болсын...", - деп жазған.

Сондай-ақ желіге жүктеген видеосынан Жігер Аупбаевтың Мерекеге әзіл айтып тұрғанын анық көруге болады.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа бағдарламаның келесі санында сүрінбей өтуге тілек білдірген.

"Келесі жолы сәттілік", "Жобада соңына дейін қалсаңыздар екен", "Жақсы дуэт", "Сәттілік" деген тілектерін жаудырып жатыр көпшілік.

Айта кетейік Жігер Ауыпбаев пен әзілкеш Мереке Қалбаева "Екі жұлдыз" бағдарламасына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен еді.

Алайда өткен сенбіде жұлдызды жұп төмен ұпай жинап, жобадан шығып қалған еді.

Десе де бағдарлама продюсерінің шешімімен, Жігер мен Мерекеге тағы бір мүмкіндік беріліп, жобаға қалуға рұқсет берілді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жігер Ауыпбаев күйеуіне ән арнаған танымал әзілкешті "ұрып" тастады
Mailfire view pixel