RU
"Сыныптасы туралы жігітіне айтқан": Ақтөбедегі 15 жасар оқушы өлімінің мән-жайы айтылды

"Сыныптасы туралы жігітіне айтқан": Ақтөбедегі 15 жасар оқушы өлімінің мән-жайы айтылды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбенің бас полицейі оқушы өлімімен аяқталған жасөспірімдердің жаппай төбелесі туралы айтып берді. 17 жастағы студенттің үстінен «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалса, 11 сынып оқушысы «Бұзақылық» бабымен жауапқа тартылып жатыр деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Сыныптасының ренжіткенін жігітіне айтқан

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов. Фото: NUR.KZ

Ақтөбедегі 15 жастағы жасөспірімнің қазасы туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз.

Жасөспірімдер арасындағы төбелес қыз баланың ренішінен басталған. Өзіне лас сөз айтқан сыныптасына ренжіген қыз колледжде оқитын жігітінен көмек сұрайды.

Жасөспірімдердің арасындағы түсініспестіктің соңы екі жақтың кездесіп, төбелесуімен аяқталған.

«Жасөспіпімдер Заречный ауылындағы «Жалғас» дүкенінің тұсында кездескен. Топтасып төбелесуден 2004 жылғы бала көз жұмды. Марқұм қаладағы №61 мектептің 10 сынып оқушысы.

Оқиға 10 қараша күні кешкі уақыт 20:00 шамасында болған.

Аталмыш мектептің оқушы қызы мен оның сыныптасы арасындағы түсініспестіктен осы жағдай туындаған. Ер бала қызға ренжітетін сөздер айтыпты. Қыз өзінің танысына баяндаған. Кейін екі жақтың кездесуі болған.

Қазір күдіктілер қолға түсті. «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» бабымен іс қозғалды.

Төбелестен кейін мектеп оқушысы әкесінің аулада тұрған көлігін айдап кетіп, жарақаттанған баланы ауруханаға жеткізбек болған. Теміржол ауруханасының қасына жарақаттанған баланы тастап, өздері кетіп қалған.

Полиция қызметкерлері аталмыш көлікті тоқтатты. Автокөлікті кәмелеттік жасқа толмаған 11 сынып оқушысы айдаған. Баланың ата-анасы балаларының көлікті алып кеткенін білмеген», - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.

Полиция басшысы ата-аналардан баласын бақылауға алуды сұрайды.

Оқиғаға қатысты күдікті 17 жастағы колледж студенті екені айтылды.

Жаппай төбелеске 24 жасөспірім қатысқан. Оның 20-сы мектеп оқушысы.

Сіздің реакцияңыз
4
2
4
5
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel