RU
Президенттің кадрлық резерві: Өнер академиясының ректоры жастар туралы ойын айтты

Президенттің кадрлық резерві: Өнер академиясының ректоры жастар туралы ойын айтты

Рассказать Вконтакте

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Абдуалиев «Президенттің кадрлық резервіне» байланысты өз ойын білдірді.

ввввв

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші, бүгінде өнер академиясының ректоры болып отырған Ақан Абдуалиев мәдениет саласында, оның ішінде жас таланттар арасында қызмет етіп келе жатқан азамат ретінде Елбасы бастамасы мен Президент үндеуі жастар үшін тамаша мүмкіндік екенін айтты.

Оған байланысты бірнеше себепті атап көрсетті:

«Ең әуелі «Президенттің кадрлық резерві» – еліміздің жоғары саяси ортасының жаңаруын білдіреді. Сондықтан, бұл жобаның ерекшелігі мен пайдасы орасан. Қазақстанда президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылады. Бұл - іріктелген жастардың мансапта жетістікке жетуіне даңғыл жол ашылады деген сөз.

Кадрлық резерв мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыра ма? Біз, орта буын осы сұраққа нақты жауап бере алуымыз қажет. Өзім де мемлекеттік қызмет саласында жүрген адам ретінде, «иә» деп айтар едім.

Біз көп мысал ететін дамыған елдерде білікті кадрды жоғары бағалайды. Олар осы бағытта ретті талдауларды жүйелі жүргізіп отырады. Батыс елдеріндегі басты корпорациялар кадрлық резервті дайындауға көп көңіл бөледі. Яғни, кадр әзірлеуден бұрын әр қызметкердің кәсіпорын келешегіне қосар үлесі ерекше ескеріледі.

Осыны мысал ете отырып, елге оралсақ. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына кімнің үлесі молырақ тиер еді? Әрине, қазіргі жас мамандардың.

Бұл тұрғыдан басқару жүйесінде жас, талантты, еңбекқор жастардың көп болуы өте маңызды.

Біз бір нәрсеге баса мән беруіміз қажет. «Президенттің кадрлық резервіндегі» 35 жасқа дейінгі азаматтар еліміздегі және шетелдегі оқу орындарының белсенді студенттері болған. Яғни болашақта ел тізгінін ұстайтын жастар оқу орнының табалдырығын жаңа аттаған студенттер арасында да бар.

Сондықтан Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы бұл ауқымды тақырыпты айналып өтпейді. Қазірдің өзінде жастардың өзін-өзі басқаруына күш салынуда.

Мәселен, жастар бастамаларын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жастардың зияткерлік, шығармашылық және инновациялық әлеуетін дамытуға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпін берді.

Студенттер арасында Жастар ісі жөніндегі ұйым жұмыс істеуде. Бұл жоғары оқу орнын аяқтаған соң, жас маманның креативті ойлап, қоғамдағы белсенділігін арттыруға жол бермек. Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерге үлкен көңіл бөлінеді.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі аспектілерін студенттерге түсіндіру үшін жастардың азаматтық ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік беретін пікірталас алаңы құрылуда.

Ел болашағына қарқынды үлес қосу жолында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ» республикалық жобасы іске қосылып, өз жұмысын бастап кетті.

Бұдан да басқа жастарға қанат бітірер жобалар баршылық. Осынау игі шаралар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен дәл уақытында іске асып жатыр. Бұл біздің елдің жастары, оның ішінде жас мемлекеттік қызметшілер ел ісіне, басқару ісіне дайын екендігінің тағы бір айғағы", - дейді Ақан Абдуалиев.

Өнер академиясының ректоры Президенттің кадрлық резервіне еніп, алдына асқақ арман мен межелі мақсат қойған жастарға сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2015 жылы бастамашы болған бағдарламалық құжат — «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын негізге ала отырып, жастарға үндеу жариялап еді. Сол үндеу аясында «Президенттің кадрлық резерві» үшін республика бойынша іріктеу өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel