Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі туралы сырымен бөліскен Дильназ Ахмадиева елді күлдірді (фото)

Опубликовано:

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева күйеуінің ел білмейтін тағы бір қыры жайлы жазып, желідегі оқырмандарына күлкі сыйлады. Эстрада жұлдызының айтуынша, әншінің өзі өмірде көтеріңкі көңіл-күймен жүргенді ұнатса, жолдасы керісінше тым тұйық екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Күйеуінің бұл қасиетін айтқан Дильназ тіпті желіге ерекше сурет те жүктеп қойған.

«Менің сүйікті жолдасым өте тұйық, ал мен ондай емеспін. Кешірші, жаным», - деген әзіл-шыны аралас жазба қалдырған әнші.

Ахмадиеваның суреттегі кейпін көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болған.

Олар: «Әзілді өлтіресіз», «Қалжыңыңыз өтті», «Жарайсыз», «Жарасымды жұпсыздар», - деген тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, жақында Дильназ Ахмадиеваның тұрмысқа шыққаны белгілі болған еді. Сүйіктісі бар екенін көпке жария еткен ол бүгінде онымен түскен суретін желіге жиі жүктеп жүр.

Белгілі болғандай, әншінің жүрегін жаулаған адам – музыкант Әзілхан Сейтбаев.

Тағы бір айта кетерлігі, әншінің сүйікті жары одан бірнеше жас кіші екен.

БАҚ беттеріндегі мәліметтерге сәйкес, эстрада жұлдызы қазіргі күйеуімен 2015 жылдан бастап кездескен. Ал алғашқы күйеуімен әнші төрт жыл некеде тұрған еді.

2017 жылдың соңында өнер иесі желіге қазіргі жолдасымен түскен суретін салып, көпті дүрліктірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827091-kjeui-turaly-syrymen-blisken-dilnaz-ahmadieva-eldi-kldirdi-foto/

pixel