RU
450 мың адам есірткіге тәуелді: Депутат Мусин нашақорлар туралы айтты

450 мың адам есірткіге тәуелді: Депутат Мусин нашақорлар туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс депутаты Қанат Мусин палатаның пленарлық отырысында кемінде 450 мың қазақстандықтың, яғни халықтың 2 пайыздан астамы есірткіге тәуелді екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ол өз сөзінің айғағы ретінде СПИД республикалық орталығының статистикасын келтіріп өтті. Олардың деректеріне сәйкес, есірткіні инъекция арқылы қабылдайтындар саны 2014 жылы 111 мың адамды құраған. Ал 2017 жылы 120 мыңнан асады – бұл еліміздегі 15 жастағы және одан үлкен халықтың 1 пайызы.

"Сонда, тек осы екі топқа жататын есірткіге тәуелділер саны 150 мың адамнан аз емес деген сөз", – деді Мусин.

Алайда, мәжілісменнің айтуынша, іс жүзінде бұл көрсеткіш бірнеше есе көп. Елімізде есірткіге тәуелділер саны кемінде 450 мың адам, яғни, халықтың 2 пайызынан асады.

Халық қалаулысы денсаулық сақтау министрлігінің стастистикалық мәліметтеріне күмән келтірді. Олардың деректеріне сәйкес, елімізде есепте тұрған нашақорлар саны 2014 жылғы 33 мың адамнан 2019 жылы 22 мың адамға дейін қысқарған.

Мусин сондай-ақ Қазақстанда жыл сайын заңсыз айналымнан 40 тоннаға дейін түрлі есірткі заттары тәркіленетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, ол Біріккен ұлттар ұйымының деректерін келтірді. Оларға сәйкес, Қазақстан 93 елдің ішінде есірткіден болған өлім-жетім көрсеткіші бойынша – 33-ші орында.

Депутат нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес шараларын қарастыратын бағдарлама сонау 2012 жылы бекітіліп, 2015 жылы жабылғанына баса назар аударды. Содан бері жаңа бағдарлама әзірленбеген.

Мусиннің пайымдауынша, бұндай жағдайда нашақорлықпен күресудің толыққанды жүйесі туралы айтудың өзі қиын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel