RU
Қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеру: Тоқаев қытайлық компанияға талап қойды

Қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеру: Тоқаев қытайлық компанияға талап қойды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «CNPC» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев қытайлық компанияға қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруді тапсырды

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті қазақ-қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне «CNPC» компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалады.

"«CNPC» компаниясы мұнай өндіру, өңдеу, көмірсутегін тасымалдау салаларында еңбек етеді. Сіздің корпорация жүзеге асырып жатқан жобалар Қазақстан экономикасында аса маңызды рөл атқарады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы «CNPC» басшылығының алдына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруге, олардың айлығын шетелдік жұмысшыларға төленетін еңбекақы деңгейімен теңестіруге, сондай-ақ, тауар сатып алу және қызмет көрсету ісінде қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға байланысты бірқатар міндет қойды.

Ван Илинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты компанияның алдына қойылған міндеттерге түсіністікпен қарайтынын жеткізді. 

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Қазақстан президенті «Ақорда» резиденциясында «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдаған еді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
27
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel