RU
Британияда мұздатылған фарштың ішінен 200 келі кокаин табылды (фото)

Британияда мұздатылған фарштың ішінен 200 келі кокаин табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Белгісіз біреулер Британияға мұздатылған фарштың ішінде ірі көлемде кокаин тығып өтпек болған. Бұл туралы Британия ұлттық қылмыстық агенттігі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Фото: nationalcrimeagency.gov.uk

Фото: nationalcrimeagency.gov.uk

Есірткі тиелген жүк көлігі Британияның оңтүстік-шығысындағы Харвич қаласына қарай бағыт алған. Голландиялық фирманың атына тіркелген көлктің жергілікті Хук-ван-Холланд портынан шыққаны белгілі болды.

Шекарашылар есірткіні 11 қарашада тәркіледі. Жалпы, жүк көлігінен мұздатылған фарштың ішіне жасырылып, қораптарға қапталған 200 келіден астам кокаин анықталды. Есірткінің бағасы 20 млн фунттан астам ақшаға бағаланып отыр.

Жүк көлігінің жүргізушісі – 48 жастағы голландиялық Роберт Тромпқа тыйым салынған заттардың контрабандасы бойынша айып тағылды. Ол 12 желтоқсанға дейін қамауға алынды.

Британия ұлттық қылмыстық агенттігінің мәліметінше, бұл контрабанда тұтас қылмыстық желінің әрекеті болуы мүмкін.

"Заңсыз есірткі сауда-саттығы Британиядағы қылмыстық топтардың негізгі мүддесіне айналған", – дейді агенттіктің басшысы Жак Бир.

Еске сала кетейік, биылғы шілде айында Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің есірткі ордасына айналғаны анықталды. КТК телеарнасы университ спортзалында жасалған жедел түсірілімнің кадрларын жариялады.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel