RU
Атырауда жылқыны балғамен ұрып өлтірген қасапшылар жаға ұстатты

Атырауда жылқыны балғамен ұрып өлтірген қасапшылар жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Атыраулық мал сою цехында қасапшылар жылқыны қан шығармай, балғамен ұрып өлтірген. Әлеуметтік желі арқылы тараған осы жағдайға қатысты облыста арнайы комиссия құрылып, мал соятын орындарда жаппай тексеру басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап.

Кадр "Хабар 24"

Кадр "Хабар 24"

Сайттың мәліметінше, оқиға өңірдегі қасапханалардың бірінде болған. Оны көзімен көрген азамат әлеуметтік желіде жариялаған.

Бүгін мал сою цехына жергілікті билік пен барлық құзырлы орган өкілдері келіп жағдайды зерделеуге кіріскен. Ал қасапхана 13 қарашадан бастап жұмысын тоқтатқан.

"Хабар 24"-тің хабарлауынша, меншік иесі аталған жайға қатысты түсінік беруден бас тартып отыр. Дегенмен құқық қорғаушылар ол жауапкершіліктен құтылмайтынын жеткізген.

"Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Яғни Атырау облыстық полиция департаментімен қылмыстық кодекстің 3316-бабының 1-бөлігі, яғни жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Бүгінде Атырау қаласы бойынша мал союға арналған 5 қасапхана жұмыс істеп тұр екен. Олардың әрқайсысында тәулігіне 15-20 бас мал сойылады. Ал оның адал-арамын анықтау – құзырлы органдардың міндеті.

Осы оқиғадан соң облыстағы барлық қасапханаларда тексеру басталған.

Сіздің реакцияңыз
0
4
16
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel