Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаратауда 8 жасар қызды асқан қатігездікпен өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Опубликовано:

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қаратау қаласында 8 жасар қызды өлтіру ісі бойынша үкім шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Агенттіктің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау Жамбыл облыстық Прокуратура басқармасының прокуроры, мемлекеттік айыптаушы Ғани Құрмановтың, сотталушы мен жәбірленуші адвокаттарының, сотталушы мен жәбірленушінің заңды өкілдерінің қатысуымен өткен.

Күдікті ҚР азаматы, Қаратау қаласының 37 жастағы тұрғыны, еш жерде жұмыс істемейтін, үйленген, бұған дейін "Ұрлық" бабы бойынша істі болған.

Қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері жеті томды құраған. Сотталушы жыныстық зорлық-зомбылықтың екі эпизоды бойынша айыпталған: ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмағанға қатысты кісі өлтіру), сондай-ақ 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі (2013 жылғы оқиғаға қатысты) бойынша.

"Бүгін Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 8 жасар қыз баланы өлтіру ісі бойынша үкім жарияланды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Прокуратураның сотталушыны өмір бойына қамау туралы талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Жамбыл облысы Прокуратурасының баспасөз қызметінен.

"Хабар 24"-тің хабарлауынша, сотталушыға химиялық кастрация жасалады. Сондай-ақ, сотталушы жәбірленген тарапқа 5 млн теңге төлеуі тиіс. Сараптама қаныпезердің ақыл есі дұрыс екенін анықтаған.

Еске сала кетейік, 24-ші сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы Қаратау қаласында 8 жасар қыз баланың із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды. Ал ертесіне қаланың сырт маңынан белгісіз баланың өртенген денесі табылған болатын.

Полиция департаменті жоғалған оқушының анасы киім қалдықтары оның қызына тиесілі екенін болжағанын мәлімдеген.

27-ші сәуірде оқушы қызды асқан қатызгездікпен өлтірген күдікті тұтқындалды. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827116-karatauda-kiskentaj-kyz-balany-ltirgen-er-adam-mir-bojyna-sottaldy/

pixel