Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оразалин тікұшақпен аудан аралағаны жайлы: Жерден жеті қоян тапқандай талқылайтын мәселе емес

Опубликовано:

13 қарашада Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аудандарға тікұшақпен бару себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оңдасын Оразалин: Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайты
Оңдасын Оразалин: Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайты: Depositphotos

Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері облыс әкімнен Мұғалжар және Байғанин аудандарына тікұшақпен баруы әлеуметтік желіде қызу талқыланғанын және осыған қатысты пікірін сұраған.

"Менің ойымша, бұл - күнделікті тәжірибе. Одан тартынудың қажеті жоқ. Біз барғанда Қаратөбеде экологиялық апат орын алып, мұнай төгіліп жатты. Ал мұндай төтенше жағдайда тікұшақпен ұшуға міндетті түрде бюджеттен қаражат бөлінеді. Ол жерге мамандармен бірге бардық. Сол өңірдегі шалғай ауылдарға да баруды жоспарладық. Бұл - жерден жеті қоян тапқандай әлеуметтік желіде талқылайтын мәселе емес", - дейді Оразалин.

Сонымен қатар Ақтөбе өңірінің әкімі елді мекендердегі проблемаларды өз көзімен көріп, құлағымен есту үшін демалыс күндері көлікпен ауылдарға барып тұратынын да атап өткен.

"Ал енді бір төтенше жағдай орын алса, онда дереу шара қолдану үшін тікұшақпен ұшып баруға да дайынмын", - дейді Оңдасын Оразалин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827118-orazalin-tiksakpen-audan-aralagany-turaly-zerden-zeti-koan-tapkandaj-zelide-talkylajtyn-msele-emes/

pixel