Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айдап көрейік": Атырауда көлікті иесінің көзінше ұрлап кеткен жігіттер ұятқа қалды

Опубликовано:

Атырауда сатылатын "Toyota Camry-50" маркалы автокөлігін қарауға келген екі жас жігіт айдап көрейік деген сылтаумен машинаны ұрлап кеткен деп хабарлайды Ақжайық басылымы. 

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Басылымның жазуынша, сатып алушы ретінде келген екі жігіт белгіленген уақытта "Новостройка" ықшамауданына келіп, авткөлікті сырттай қарап шығып, иесінен оны жүргізіп көруді сұрайды.

Кілт қолына тиген кезде екеу автокөлікті қозғап, ұзап кетеді. Біраз күткен жәбірленуші дер кезінде полцияға хабарласады.

Жедел кезекшілер "Ұстау" жоспарын іске қосып, нәтижесінде полиция "Атырау-Индер" тас жолының бойынан іздеудегі автокөлікті тоқтатып, қашқындарды ұстаған.

Аталмыш фактігі қатысты ҚР ҚК 200-бабы 2-бөлігі (Бір топ адаммен втокөлікті ұрлау мақсатынсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл баптың жазасы айыппұлдан (3000 АЕК-ке дейін) 5 жыл бас бостандығын айыруға дейін тағайындалады.

Еске сала кетейік бұған дейін Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлап, оған басқа нөмір тағып айдап жүрген күдіктіні ұстаған болатын.

Жәбірленуші көшеде кетіп бара жатқан бірнеше көліктің арасынан мемлекеттік нөмірі өзгертілсе де, өз көлігін танып қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827120-ajdap-krejik-atyrauda-kligin-iesini-kzinse-rlap-ketken-zigitter-atka-kaldy/

pixel