RU
Түркіменстанда алабайдың құрметіне тағы бір ескерткіш қойылмақ

Түркіменстанда алабайдың құрметіне тағы бір ескерткіш қойылмақ

Рассказать Вконтакте

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов алабай тұқымдас итке ескерткіш орнатуды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

6 қарашада түркімен астанасының құрылыс жұмыстарымен танысқан ел президенті алабай тұқымдас итке тағы бір ескерткіш орнатуды тапсырған.

Ресейлік "Комсомольская правда" басылымының тілшісі Дмитрий Смирнов Twitter парақшасына түркімен телеканалындағы сюжеттен үзінді жариялаған. Онда президент бұйрығын шенеуніктер жарыса қағазға түсіріп жатыр.

Ресейлік журналистің жазуынша, жаңа мүсіннің биіктігі 15 метр болады.

Ресми БАҚ-тың жазуынша, ескерткіш 2020 жылдың шілдесіне қарай аяқталуы тиіс. Алда қойылатын ескерткішке бюджеттен қанша қаржы жұмсалатыны белгісіз. Бірақ қазір Түркіменстан экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр деп хабарлайды басылым.

Ашғабадта алабайға арналған ескерткіш бар. Ол 2017 жылы қойылған. Оның лақап аты - "Шын дос".

Түркіменстанда алабай тұқымдас ит ұлттық игілік ретінде насихатталып келеді. Тіптен президенттің өзі бұл тақырыпта бірнеше кітап жазған екен.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel