RU
Танымал UFC шебері адам ұрлады деген күдікпен ұсталды

Әйгілі UFC шебері адам ұрлады деген күдікпен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Мәскеудің Пресненский соты ресейлік аралас жекпе-жек шебері (ММА) Дмитрий Сосновскийді тұтқындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Сайттың мәліметінше, Сосновский бір топ тұлғамен бірге адам ұрлады деген күдікке ілінген. "МК" ақпараына сәйкес, онымен қоса тағы бір ММА шебері Александр Галков ұсталған.

"112" Telegram-арнасы Сосновский кірген топ ер азаматты ұрлап кетіп, аямай соққыға жыққан. Артынша достарының 400 мың рубль қарызын кешіруді талап еткен.

Қорғаушы Равиль Саберов қорғауындағы азаматтың қылмысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Ол аталған орында ойда-жоқта болып қалды. Менің ойымша, бұл жағдайдың өзі Қылмыстық кодекс бойынша Тергеу комитеті ұсынған санатқа сәйкес келмейді", - деді ол.

Айта кетейік, Дмитрий Сосновский осыған дейін аралас жекпе-жектен 11 кездесуде 11 рет жеңіске жеткен. Ауыр салмақта өнер көрсетіп, ешқашан жеңілмеген ол кәсіби деңгейде 2012 жылдан бері жүр.

Сосновский 1989 жылы 6 шілдеде Украинаның Қырым облысы Ялта қаласында дүниеге келген. Бірақ, балалық шағын Подмосковьеде, жедел қызметті Торжкте өткізген оо ешқашан Украина азаматы болмаған. Тек ресейлік жеке куәлігі ғана бар.

Спортшы 2018 жылы UFC-де бір кездесу өткізіп, британиялық Марк Годбирді жеңді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel