RU
Қарағандылық ару Кореядағы сұлулық байқауында ел намысын қорғамақ (фото)

Қарағандылық ару Кореядағы сұлулық байқауында ел намысын қорғамақ (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық бойжеткен алғаш рет желтоқсан айында Оңтүстік Кореяда студенттер арасында өтетін халықаралық Miss World University 2019 байқауында бақ сынамақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Фото: Instagram/ kss.ais

Фото: Instagram/ kss.ais

Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқитын студенттің кандидатурасын комиссия жергілікті модельдік агенттік ұсынған суреттер арқылы таңдаған.

"Алғаш рет студенттер арасындағы байқау ұйымдастырушылары Қазақстанға шығып, біздің отандасымызға сұулулықты көрсетіп, тәжге таласуға мүмкіндік беріп отыр", - дейді Miss World University 2019 байқауының ресми өкілі болуға ұсыныс алғаенART Line модельдік агенттігінің директоры Мадина Ахметбаева.

17 жастағы Айсұлу Қазақстанды әлемдік деңгейдегі байқауда таныстыратынына қуанышты. Ол осыған дейін "Қарағанды аруы" сайысында бақ сынаған.

Байқау шарттарының бірі - өзің жайлы және өзің таныстыратын мемлекет жайлы қысқаша фильм дайындау. Қазір Айсұлу Қазақстанның "визит картасын" жасап жатыр.

Айта кетейік, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихындағы екінші жоғары оқу орны және еліміздің бұрыннан келе жатқан ірі университеттерінің бірі болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel