RU
"ҚазАгро" топ-менеджерінің 20 млн теңгемен ұсталған видеосы пайда болды

"ҚазАгро" топ-менеджерінің 20 млн теңгемен ұсталған видеосы пайда болды

Рассказать Вконтакте

"ҚазАгро" холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" басқармасының басқарушы директоры-мүшесі жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктелуде. Желіде оның ұсталған видеосы пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

Директордың ұсталған видеосы ведомствоның ресми Youtube-арнасында жарияланды.

Хабарланғандай, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлғаға теңестірілген басқарушы құны 78 миллион теңгеге жуық сатып алу-сату шартын жасасуға уәде берген.

Нәтижесінде ол аталған соманың төртінші бөлігін алған кезде ұсталған.

Келісім шарт жасасу туралы шешім қабылдау оның құзыретіне кірмейді деп атап өтті ведомствода.

Қазір холдингтің ұсталған топ-менеджеріне бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі шешіліп жатыр.

Тергеу жұмыстары аяқталған соң соңғы шешімді сот шығарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тағы бір жемқорлық қылмыс туралы белгілі болды. Атырау облысында мектеп-интернет пен оның қарамағандағылар ақша жымқырды деп айыпталды.

Білім беру мекемесі директорымен бірге, оның шаруашылық бөлім бойынша орынбасары және мектептің бас бухгалтері сот алдына келді.

Келіншектерге бюджет ақшасын жымқырған, қызметкерлердің айлығын көтеріп, артынша сол ақшаны жинап, өз араларында бөліскен деген айып тағылды.

Сондай-ақ, мектеп басшысы өз құзіретін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 3,5 млн теңге шығынды өтеді.

Нәтижесінде, сот мектеп директоры мен бас бухгалтерді бір жыл бостандығынан шектеді, ал директордың орынбасары екі жылға бас бостандығынан шектелді.

Олар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен өмір бойына айырылған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel