RU
Қайрат Әділгерей Тұрсынбектен алған ең бағалы сыйлығын есіне алды

Қайрат Әділгерей Тұрсынбектен алған ең бағалы сыйлығын есіне алды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей өмірінде алған ең бағалы сыйлығы жайлы айтып берді. Өнер иесіне қымбат сыйды өзінің жұлдызды әріптесі Тұрсынбек Қабатов тарту еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Тұрсынбек Қабатов бірнеше жыл бойы өзімен бірге етене жұмыс істеген Қайрат Әділгерейге туған күн кешінде естен кетпес сыйлық табыстаған.

Әзілкеш әріптесіне қолындағы қымбат сағатын шешіп берген.

"Тұрсынбек Қабатовтың қолынан туған күніме сағат алғанмын. Оны ол өз қолынан шешіп берген. Ал ол сағатты Тұрсынбекке өте үлкен лауазымды адам сыйлаған болатын" , - деді Қайрат Әділгерей.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Әділгерейдің мың бұралған сылқымның кейпіне еніп, желідегілерді күлкіге қарық қылғанын жазған болатынбыз. Қазіргі уақытта "Екі жұлдыз" жобасына қатысып жатқан әзілкеш сол сайыстың әділ қазыларының бірі, белгілі әнші Толқын Забироваға пародия жасаған.

Сонымен қатар, Қайрат Әділгерей Болат Назарбаевтың тойын жүргізуден алған әсерімен бөліскен еді. Әзілкеш бастапқыда бойында қорқыныш сезімі болғанын айтып, кейіннен ол кісінің қарапайымдылығына тәнті болғанын әңгімелеп берген еді.

Сондай-ақ, ол өнер адамдарының саясатқа араласуын құптамайтынын жеткізіп, Ринат Зайытов туралы ойын да ашық айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel