RU
Тимати өз дәмханасында әйгілі Джастин Бибермен кездесті (фото, видео)

Тимати өз дәмханасында әйгілі Джастин Бибермен кездесті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ресейлік рэп орындаушы Тимати АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өзінің дәмханасын ашты. Black Star Burger ашылу салтанатына оны әлемдік жұлдыз Джастин Бибер құттықтай келген. Алайда, америкалық әншінің келуі үшін Тимати қыруар қаражат шашқан болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ spletnik.ru сайтына сілтеме жасап.

Джастин Бибер Тиматидің дәмханасына 25 жастағы жұбайы Хейли Бибермен бірге келген. Жас жұбайлар ресейлік жұлдыз ұсынған бургерлерден дәм татып, жақсы көңіл көтеріп қайтқан.

Әнші тіпті сахнаға шығып, Тиматиді АҚШ-тағы дәмханасының ашылуымен жеке құттықтаған.

"Көп рахмет Лос-Анджелес! Бізбен бірге болған адамдарға ерекше рахмет! Бәрі ойдағыдай керемет болды!" , - деп жазды Blac Star ұжымы өзінің Instagram парақшасында.

Blsck Star Burger дәмханалар жүйесі өкілдерінің бірі Юрий Левитастың айтуынша, Бибер шарадан кетіп қалған соң, өз күзетшісін тағы тапсырыс беруге жіберген.

Нәтижесінде, әншінің үйіне екі сөмке бургер жеткізілген. Америкалық әнші дәмхана иелеріне өз алғысын білдіріп, аталмыш жерге келіп тұратынын айтқан.

Дәмхананың ашылу салтанатындағы суреттер мен видеожазбалар желіде тарап кетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel