RU
Головкинді жекпе-жекке шақырған боксшы Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін

Головкинді жекпе-жекке шақырған боксшы Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруды сұраған мексикалық боксшы Хайме Мунгия шаршы алаңға 11 қаңтар күні Сан-Антониода оралатынын айтты. Оның кезекті қарсыластарының бірі қазақстандық Қанат Ислам болуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

WBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионының қарсыласы әлі белгісіз, алайда әзірге әлеуетті бақталастардың тізімі бар.

Мунгия келесі жекпе-жегін бірінші орта салмақта өткізе ме, әлде орта салмақта дебют жасай ма деген сұраққа әлі нақты жауабын айтқан жоқ.

Егер мексикалық боксшы 160 фунтқа көтерілер болса, Boxingnews24.com журналисі Арагон Гарсия оның қарсыластары ретінде Джефф Хорн, Уолтер Каутондоква, Лиам Уильямс, Имманувел Алим, кіші Уго Сентено, Энтони Фаулер, Брэндон Адамсты көреді.

Сондай-ақ, бұл тізімде қазан айының соңында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңіп, WBO International белбеуін қорғаған отандасымыз Қанат Ислам да бар.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын Хайме Мунгияның қарсыласы басқа қазақстандық спортшы-Геннадий Головкин болуы мүмкін еді.

Дегенмен, комиссия мексикалық боксшының мұндай титулды жекпе-жектерге қатысуға тәжірибесі жеткіліксіз деп есептеп, кездесу өткізуге рұқсат берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel