RU
"Ана дүниеден қайттым": Алматыда тамағына тіс протезі тұрып қалған әжей өлім аузынан қалды

"Ана дүниеден қайттым": Алматыда тамағына тіс протезі тұрып қалған әжей өлім аузынан қалды

Рассказать Вконтакте

Алматыда дәрігерлер тіс протезі тамағына кетіп қалған 82 жастағы кейуананың өмірін сақтап қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарақа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Ана дүниеден қайттым" деген Роза Халиуллина оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

Айтуынша, таңғы ас ішіп отырғанда тіс протезінің бір бөлігі сынып кеткен.

"Тамақ ішіп отырған кезімде шашалып қалдым. Сосын тұншыға бастадым. Қызым жедел жәрдем шақырды. Жедел жәрдем тез келді. Барлығы жабылып мені ана дүниеден қайтарып алды", - дейді қарт ана.

Белгілі болғандай өңешке жеткенде протездің үшкір қырлары әжейдің тамағын жыртып, демалысын қиындата түскен.

Бірден консилиум жинаған дәрігерлер зейнеткерге шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ота жасаған. Диагностика кезінде үшбұрышты протез бөлігі өңешті жыртып кеткені анықталды.

Емхананың бас дәрігерінің орынбасары Оңласын Ибекеновтің сөзінше, өңештің жыртылуы жылына 1-2 рет сирек кездесетін оқиға. Мәселен бұндай жағдайлар адам балық немесе тауықтың сүйегін жұтып қойғанда кездеседі екен.

"Бұл бөгде заттар өңештің тарылған тұсында тұрып қалады да жырта береді. Бұл өте қауіпті диагноз. Адам кешігіп келетін болса, 45-60 пайызға дейін жағдайда өліп кетуі ықтимал. Себебі, инфекция бірден жұмсақ тінге өтіп, ауыр интоксикацияға әкелуі мүмкін", - дейді Оңласын Ибекенов.

Дәрігерлер зейнеткердің мойын тұсынан екі жағынан медиастенотомия жасап, жарақаттың орнын тазалап, жұқпаның денеге таралуына тоқсауыл қойған.

Қарт әжей үш тәулік жансақтау бөлімінде жатып, 10 тәулік бойы мұрын арқылы зондпен қоректеніп жүрген.

Роза Халиуллинаның өзі де 50 жылдан аса медбике болып қызмет істеген. Зейнеткердің өзін аман алып қалған ақ халатты абзал жандарға айтар алғысы шексіз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel