Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түнде тамақтану нәзік жандылар үшін қауіпті болып шықты

Опубликовано:

Адам ағзасы кешке тұтынған тағамды қорытуға қауқарсыз. Сол себепті америкалық кардиолог Эвелина Грейвердің сөзінше, беймезгіл уақытта тамақтану - әйел адамдардағы жүрек ауруларына әкеліп соғуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Біздің ағзамыз кешкілік уақытта қабылданған тағамды қорыта алмайды, оған қоса біз кешке аз қозғаламыз, осылайша калория негізінде жиналған энергия жұмсалмайды", - дейді Грейвер.

Бұл атап айтқанда зат алмасу, циркадиялық ырғақ, сондай-ақ кортизол мен инсулин жұмысының қағидасымен байланысты деп түсіндірді кардиолог.

Бұған мысал ретінде маман Нью-Йорктың Колумбиялық университетінде өткен зерттеу жұмысына пікір білдірді. Оған 33 жастағы 112 әйел адам қатысты. Нәзік жандылар зерттеу жұмысының басында және 12 айдан соң аптра бойы немен тамақтанғанын айтып отырды.

Осылайша, олардың басым бөлігінің кешкі алтыдан кейін тамақтанғаны анықталды. Кешкілік уақытта тамақ ішкен арулардың жүрегі әлсіз жұмыс істеген.

Оларда жоғары қан қысымы, дене массасының индексінің жоғарылауы және қандағы қанттың реттелуі әлсіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827185-tnde-tamaktanu-jel-adam-sin-kauipti-bolyp-sykty/

pixel