RU
Қаржы министрі: Ақша аударымдарынан төлемдер мен салықтар алынбайды

Қаржы министрі: Ақша аударымдарынан төлемдер мен салықтар алынбайды

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Әлихан Смайылов қолма-қол ақшасыз қаржы аударымдарына қатысты пікір білдірді. Ол алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Смайыловтың сөзінше, қолма-қол ақшасыз төлемдер қолдануға жеңіл әрі қолайлы. Сондықтан, ол азаматтар мен кәсіпкерлер арасында тез танымалдылыққа ие болды. Мұнда аударым кезіндегі комиссияның болмауы да үлкен рөл ойнаған.

Сонымен қатар, қаржы министрлігі қолма-қол ақшасыз төлемдер көлеңкелі экономика деңгейін төмендетеді деп санайды.

"Айта кетейін, қаржы министрлігі мұндай аударымдардан қандай да бір қосымша төлемдер немесе салықтар алуды, жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз аударымдарына тексеру жүргізуді жоспарлап отырған жоқ", - дейді Смайылов.

Ол қаржы министрлігі банктермен бірге азаматтар қолма-қол ақшасыз төлем жасай алатын ыңғайлы әрі жеңіл инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс бастайтынын атап өтті.

"Бірақ бұл кәсіпкерлік қызметтік айқын болуы тиіс екенін жоққа шығармайды", - деп толықтырды министр.

Бұл төлем түріне қарамастан, сатып алушы фискалдық чек алуы тиіс екенін білдіреді.

Ал бизнестің ашықтығын қамтамасыз етуге онлайн бақылау-кассалық машиналар көмектеседі, олар келесі жылдан бастап кәсіпкерлер үшін міндетті болады.

Министр қолма-қол ақшасыз төлемдер кәсіпкерлерді аталған міндеттемелерден босатпайтынын айтты.

Одан бөлек, бүгінде Қаржы министрлігі банктердің бірімен кәсіпкерлерге өз кірістерін аударым арқылы төлемнен бас тартпай әкімшілендіруге мүмкіндік беретін пилоттық жоба дайындап жатқаны да белгілі болды.

Мәселені шешу нұсқаларының бірі автоматты түрде толтырылып, қажетті есептерді салық органдарына жіберетін онлайн бақылау-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды біріктіру болуы мүмкін.

Болжам бойынша, пилоттық жоба 2020 жылы іске қосылады.

"Бұл мәселеге байланысты халықтың мазасыздануына еш негіз жоқ", - дейді Смайылов.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel